Ресей атысты тоқтату туралы бітімді кем дегенде 734 рет бұзды — Украина

1198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-15-960x500.jpeg?token=2b1d2aba346d2b601d98c81a2b4d2ce5

Ресей атысты тоқтату туралы үш күндік бітімді кем дегенде 734 рет бұзды. Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Министр Андрей Сибиганың айтуынша, бұндай әрекеттер жергілікті уақыт бойынша түн ортасынан түске дейінгі алғашқы сағаттарда тіркелген. Ол сондай-ақ ресейлік күштердің шығыс майданда белсенді әскери операциялар жүргізуін тоқтатпағанын атап өтті.

Украина тарапының мәліметінше, атысты тоқтату келісімінің бірінші күнінде ресейлік әскерлер 63 «шабуылдау операциясын» жүзеге асыған.

«Біз Путиннің біреуді алдауына жол бермейміз. Ол сөзінде тұрмайды»,— деп жазды министр X желісінде.

Еске салайық, 28 сәуірде Ресей басшысы Владимир Путин Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай бітім жариялаған еді. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский бұл ұсынысты қабылдамай, оның орнына 30 күндік оқ атуды толық тоқтатуды талап етті.

Comments