Астанада лифт ішін бүлдірген ер адамдар жазаланды

1241
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6625-960x500.jpeg?token=d52b6dc9b8f8f5d3d17478c3c513af82
Әлеуметтік желілерде екі ер адамның лифт ішінде құшақтасып, сүйісіп жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен бұл бейнежазбада ер адамдардың бірі бейнебақылау камерасын жұлып алып, лифт есіктерін зақымдағаны көрініс тапқан. Видео желіде тарағаннан кейін полиция дереу әрекет етіп, тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтады. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдар спирттік ішімдік ішіп, мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған. "Құқықбұзушылар анықталды. Олар спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық орында тәртіпсіздікке барған. Лифт ішінде сүйісіп, камераны жұлып, мүлікті зақымдаған", – делінген полицияның ресми хабарламасында. Құқық қорғау органдары тарапынан оларға қатысты екі бірдей бап бойынша – "ұсақ бұзақылық" және "мүлікті қасақана бүлдіру" – әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ер адамдардың біріне айыппұл салынса, екіншісі 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Comments