АҚШ президенті Дональд Трамп әйелі Меланиямен бірге Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Римге барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл — Трамптың АҚШ президенті қызметіне қайта кіріскеннен кейінгі шетелге жасаған алғашқы ресми сапары.
Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де өтеді. Оған 50-ден аса мемлекет басшысы қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский жерлеуге бармайтынын мәлімдеген еді. Ал Трамп Римде Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі болатынын айтқан. Зеленский сапардан бас тартқан жағдайда, ел атынан бірінші ханым Елена Зеленская және СІМ басшысы Андрей Сибига қатысады.
Айта кетейік, Рим Папасы Франциск 21 сәуір күні өзінің Casa Santa Marta резиденциясында қайтыс болды.
https://youtu.be/hbdtEBCjp_s?si=yxlHJ8vIEBTrqIH4