Түркістан облысында шартты түрде босатылған блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Түркістан қаласының ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған Мұрат Әбділдәға қатысты ұсыным қаралды.
Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.
«Мұрат Әбділдәні мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды», — деп мәлімдеді полиция.
Еске салсақ, Мұрат Әбділдә әлеуметтік араздық тудырғаны үшін түрмеге қамалған болатын. 9 қыркүйекте ол бостандыққа шыққан еді.
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO
MARAT BAIDILDAULY: There is a big threat of sanctions against Kazakhstan, so it is better to suspend the EAEU agreement for 3-5 years.
