Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков 65 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабарды Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жеткізді, деп хабарлайжы “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков дүниеден өтті. Алла тағала рухын өз панасына алсын!» – деді ол.
Серғазы Мұхтарбеков 1961 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Оның басшылығымен «Қазақстан» газеті елдің ақпараттық кеңістігінде маңызды орын алып, қоғамдық-саяси оқиғаларды белсенді жариялап отырды.
Ол тәжірибелі әрі беделді журналист ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласқан тұлға ретінде есте қалады.
Серғазы Мұхтарбеков кәсіби қызметінің арқасында әріптестері мен оқырмандарының зор құрметіне ие болды. Оның еңбегі Қазақстанда объективті әрі тәуелсіз журналистиканың қалыптасуына зор үлес қосты. Ол басқарған «Қазақстан» газеті бүгінге дейін республикалық басылымдардың алдыңғы қатарында келеді.
“Адырна” ұлттық порталы Серғазы Мұхтарбековтің отбасы мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыға байланысты көңіл айтады.
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...
On the occasion of the International Chess Day, the BI Chess city tournament was held for the first time in Shymkent