Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 518 – 522 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бойынша бір доллар — 520,48 теңге, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Kurs.kz платформасының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 519 теңге, ал сату бағамы — 522 теңге шамасында. Еуроның бағасы 571–577 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Астанадағы жағдай да ұқсас: доллар 518 теңгеден сатып алынып, 522 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы — 569 теңге, сату бағамы — 575 теңге.
Ал Ресей рублі қазіргі таңда 5,93 – 6,05 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің 10 сәуірге белгілеген ресми рубль бағамы — 6,06 теңге, ал еуро — 574,61 теңге.
Айта кетейік, 9 сәуір күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,98 теңгеге қымбаттап, 520,48 теңгеге жеткен болатын.
Related news
On the occasion of the 130th anniversary of Magzhan Zhumabayev, a republican concert entitled "I will not die, mine will not die..." will be held.
Today is the 110th anniversary of the publication of "Kazakh" newspaper, founded by the Leaders of Alash