Ресей әскері Украина президентінің туған қаласына шабуыл жасады

2189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/346991033491446-960x500.jpeg?token=22c17c40a9ee8ed1369b17ff6a9f059c
Украина билігі жұма күні Ресей әскерінің ел президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласына шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Кривой Рогқа жасаған зымыран соққысы салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, оның ішінде тоғыз бала болғаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ шабуылдан 50-ден астам адам жарақат алған. Владимир Зеленский кешкі үндеуінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. "Көптеген адам жараланды, үйлер бүлінді. Зымыран тұрғын үйлер орналасқан ауданға – балалар алаңына, қарапайым көшелерге түсті", – деді Зеленский.
Comments