«QazaqAir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқан бағытында ұшатын жаңа әуе рейсін ашады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
«Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық «QazaqAir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқан бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр» – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл бағыт бойынша қатынайтын әуе кемелері аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Солайша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артпақшы.
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
