Өзбекстан Францияға уранды Қазақстан, Ресей арқылы жеткізеді

779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/898a5707-3bb4-4e24-8a2e-89a131136385.jpeg

Өзбекстан қазақстандық компаниямен бір жыл ішінде уранды Францияға тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Компания Санкт-Петербург портынан Францияға 500 контейнер уран концентратын тасымалдайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы daryo.uz сайтына сілтеп.

Өзбекстандық «Навойуран» мемлекеттік кәсіпорны қазақстандық TOO Logistic Center компаниясына Санкт-Петербург портынан Францияның оңтүстігіндегі Мальвези коммунасына 500 контейнер уран концентратын тасымалдау үшін 9

миллион еуро төлейтін болды.

Уран 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тасымалданады. Әрбір тасымалдау Санкт-Петербург портынан жөнелтілген күннен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырылуы керек. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) қабылдаған Радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк белгіленген жерге қауіпсіз жеткізілуі тиіс.

Comments