Алматы облысында шин зауытындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында резеңке дөңгелек шығаратын зауытты қызыл жалын шарпыды.
Министрлік өрттің жоғары температурасы мен жанғыш материалдардың көптігі салдарынан сөндіру жұмыстары күрделене түскенін мәлімдеді. Қазіргі таңда құтқарушылар жоғары қарқынмен жұмыс жүргізуде.
112 шұғыл қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов облысқа жұмыс сапары барысында оқиға орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын өз бақылауына алғаны хабарланды.
Related news
"People who live in the village are not needed": The governor of Zhambyl district expressed his opinion about the people of the village
