Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны Нью-Йоркте көрсетілді

1242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-03-08-at-17.26.56.jpeg
Нью-Йорктің әйгілі Таймс-сквер алаңында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet әніне түсірілген жаңа бейнебаяны көрсетілді, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы. Dimashnews.com сайтының мәліметінше, бұл ерекше шараны АҚШ-тағы US Dears жанкүйерлер тобы ұйымдастырған. Бейнебаян төрт экранда қатарынан, соның ішінде қос экранды платформада да көрсетілді. Бұл орын Таймс-сквердің ортасында, метро станциясының жанында орналасқандықтан, мыңдаған адам бейнебаянды тамашалады. Экранда көрсетілім басталмас бұрын жанкүйерлер жалға алынған арнайы залда жаңа бейнебаянның тұсаукесерін тамашалады. 7 наурызда өткен тұсаукесер көпшілік арасында үлкен қызығушылық тудырды. Love’s not over yet (Махаббат әлі аяқталған жоқ) әнін Димаш Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьевпен бірге жазған. Уолтер Афанасьев - АҚШ композиторы, продюсер.
Comments