8 наурызда Астана уақытымен 08:29-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомствоның мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қазақстан аумағында, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің күші Зайсан ауданында 2 баллды құраған.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасының нашарлауы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалған болатын.
Related news
The President demanded from the Minister of Ecology to solve the problem of regulation of the number of antelope wisely