Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қауіпсіздік қызметкеріне жасалған шабуыл туралы хабардар болды. Содан кейін ол қылмыскерді ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайындағы кепілге алынған адамға қатысты жағдай туралы хабардар болды. Елбасы қылмыскерді залалсыздандырған адамның батылдығы мен ептілігін атап өтіп, оны мемлекеттік наградамен марапаттауды тапсырды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарладық.Related news
Ursula von der Leyen Congratulates Tokayev on the Discovery of a Major Rare Metals Deposit in Kazakhstan
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
