Түркістан облысында полиция инспекторы қызмет барысында қаза тапты

1170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-03-06-at-10.57.45.jpeg
Түркістан облысында жол-патрульдік полиция инспекторы құқық бұзушыны қуу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Марқұм – полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитов. "Қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Айта кетейік, ақпан айында Жамбыл облысында да полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.
Comments