Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында өрт болды

1238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-27-at-14.37.42.jpeg
Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Желі қолданушыларының айтуынша, балалар осы жерде хоккеймен айналысады. Ал жаттықтырушылар жаттығулардың тоқтатылғаны туралы ата-аналарға хабарлап, оқиға орнынан видео жіберген. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өрт туралы ақпаратты растады. "Өрт туралы хабарлама 27 ақпан күні сағат 12:35-те түсті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін әкімшілік кабинетте (3-блок, екінші қабат) басталған өртті қызметкерлер өз күшімен сөндірген. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ," – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Comments