Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Украинадағы Донецк облысында болған қарулы қақтығыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Устинка Live»-қа сілтеп.
Қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, аталған азаматтар 2024 жылы Ресейге кеткен, кейін Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқан. Соның нәтижесінде жарақат алып, Донецк облысында көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге жарылыс пен снарядтың жарықшақтарынан болған ауыр қан кету себеп болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы («Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша қозғалған қылмыстық іс фигуранттардың қаза табуына байланысты тоқтатылды.
ҚР СІМ бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасамады.
Related news
"The situation of neighboring China is difficult".the Minister assured that there will be no lockdown