Ауыс-түйіс. Президент кеңесшісі қызметінен кетті

2158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/president-960x500.jpg?token=7fc6be34c9e61979a32f57bfa73c5630
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 1978 жылы Алматыда дүниеге келген Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін энергетика, экология және мұнай-газ саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ол ҚР энергетика вице-министрі, экология, геология және табиғи ресурстар министрі, энергетика министрі қызметтерін атқарып, мемлекеттік басқаруда мол тәжірибе жинады. 1971 жылы Атырауда дүниеге келген Болат Ақшолақов мұнай-газ саласының маманы. Ол ҚР энергетика министрі, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2023 жылы Президент кеңесшісі болып тағайындалған еді.
Comments