Алматы – Өскемен тас жолында болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 8 ақпан күні болған. Талдықорған маңындағы 271-шақырымда Audi-100 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Жол апатының салдарынан көлік жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы Сарқытбай Құсайыновтың мәлімдеуінше, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Related news
Zhiguli ‘violated the charter.’ Dairabayev, who ran for the presidency, was dismissed from his position