Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

1238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0705-960x500.jpeg?token=42be4b76749a75d8bb8b31baefa285d3

Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«№39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған», —

дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-б. 1) тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сот үкімі шықты.

Бухгалтер 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Comments