Атырау облысы МКД басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түскен

1238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo-output-18-960x500.jpeg?token=f94beccc89a626e90fbc26717c3840f7
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) басшысының орынбасары төбелес салдарынан ауыр жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 28 қаңтар күні Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде орын алған жанжалға прокуратура қызметкері мен МКД өкілдері қатысқан болуы мүмкін деген мәлімет тарады. Атырау облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне дене жарақаты келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Comments