Air Astana әуе компаниясы Орал тұрғыны Жазира Мусинаның қызын Астана әуежайында қалдырып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жазира Мусина сот шешімі бойынша шығындарды қосқанда әуе компаниядан 5 млн теңге алған.
"Air Astana сот шешімін мәжбүрлеп орындауға жеткізбей толық орындады", - деді ол.
Ал адвокат Шағатаев сондай-ақ бұл жағдай жолаушылар тасымалы туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге себеп болғанын атап өтті. Енді бұл сот шешімі осындай жағдайларда балалардың құқығын қорғаудың прецеденті бола алады.
"Air Astana жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшыраған. Оған әкімшілік айыппұл және моральдық зиянды өтеу кіреді. Мүмкін мұндай авиакомпания үшін бұл сома аз шығар, бірақ менің ойымша, бұл да оларға жайсыз", - деп қосты ол.Белгілі болғандай, Зере және Зәуре есімді егіздер 2024 жылдың 20 шілдеде АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен.
Related news
Large construction companies of Mangystau offered jobs to villagers who blocked the road in Zhetybay