Лондон AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында болған ұшақ апатының себептерін зерттеуге қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтқан.
Ұлыбритания СІМ басшысы әуе апаты салдарынан орын алған қайғылы жағдайға байланысты тағы да көңіл айтып, Ұлыбританияның бұл қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға және тергеу барысына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.
Еске сала кетейік, AZAL әуе компаниясының Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортындағы 67 адамның 38-і қайтыс болып, 29-ы аман қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ апаты Ресейдің әуе кеңістігінде физикалық және техникалық сыртқы араласу салдарынан болған.
Related news
Sensation. A historical artifact of the Turkic era was found in the courtyard of the house in the Almaty region
