Газадағы бітім күшіне енді

1460
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/gaza-men-izrail-960x500.jpeg?token=4e67de33042f9896f8044730cbea28c6
Газадағы атысты тоқтату бастапқы белгіленген мерзімнен бірнеше сағатқа кеш күшіне енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Израиль таңертең ХАМАС тобынан жексенбі күні босатылуы тиіс үш тұтқын әйелдің есімдерін алмағандықтан, атысты тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Астана уақыты бойынша шамамен сағат 14:00-де Израиль тұтқындар тізімін алғанын және атысты ресми түрде тоқтататынын растады. Осылайша, Газада қазіргі соғыс басталғалы бері екінші рет атысты тоқтату режимі күшіне енді. Тараптар арасындағы келісімдерге сәйкес, 42 күнге созылатын бұл уақытша бітім кезінде ХАМАС-тың тұтқында ұстап отырған 98 адамның ішінен 33 адам босатылуы тиіс. Өз кезегінде Израиль 700-ден астам палестиндікті түрмеден босатып, палестиндіктерге гуманитарлық көмек көрсетілетініне уәде етті.
Comments