Шекара туралы шартқа 20 жыл толғанда Ақордаға Путин соқты

3960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img_8181-960x500.jpeg?token=4420d19598b0a1bfccc7e7bc2d102c10
Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Aqorda-ға сілтеп. Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев  Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты. Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Comments