Шерзат Полаттың отбасына демеушілер есебінен үй берілмек

1709
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo-output-35-960x500.jpeg?token=933260006f2e6c539c7a61b2595c4120

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасына демеушілер есебінен үй берілмек. Бұл туралы бүгін, 13 қаңтарда құқық қорғаушы Айтбек Амангелді айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизат Қайраттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды. Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз. Қазіргі уақытта пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болуда, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар»,—деді ол.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев марқұмның отбасына үй салуға көмектескісі келетін дайын тұрған қайырымды адамдар бар екенін айтқан еді.

Comments