Елімізде энергетикалық сусындарды сатып алу талабы күшейтілді

2091
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/eneregtik-960x500.png?token=5c855f9c1c7cf06b144ff57bc40f7c5a
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатудың жаңа ережелері енгізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда энергетиканы 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынады. Сусындарды сатушы жоқ болса, автоматтар мен басқа құрылғылар арқылы сатуға да болмайды.
Егер сатушы сатып алушының 21 жасқа толғанына күмән туындаса, жеке басын куәландыратын құжатты талап етуіне мүмкіндігі бар. Егер сатып алушы құжатты көрсетуден бас тартса, оған сатпауы керек. Сондай-ақ сату орындарында жазуы бар тақтайшаларды орналастырылуы керек. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. Осы ережелерді бұзғаны кәсіпкерлерге айыппұл салынады.
Comments