Швейцарияда паранжа мен ниқаб киюге тыйым салынды

1273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4755-960x500.jpeg?token=961e228e9c220b6e7f795f5cdf3718e2
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Швейцарияда қоғамдық орындарда паранжа мен ниқаб секілді бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жаңа заңда паранжа мен ниқабты дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге болмайды. Алайда суықтан қорғану үшін бетті жабатын киімдерді қолдануға рұқсат етілген. Ереже бұзғандарға 100-ден 1000 швейцарлық франкке (шамамен 110-1102 АҚШ доллары) дейін айыппұл салынады. ТАСС дерегінше, тыйым 2021 жылдың наурызында өткен референдумда мақұлданған. Сол кезде сайлаушылардың 51,2%-ы шектеуді қолдап дауыс берген болатын. Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, бұл тыйым елдегі мұсылман қауымының аз ғана бөлігін қамтиды. Оның мәліметінше, елде ниқаб киетін әйелдердің саны шамамен 20-30 адамды құрайды.
Comments