Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты. Қазақстан үздік үштікке енді

1737
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/photo-output-26.jpeg

Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделер саны жөнінен үздік үштік қатарына кірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Халықаралық додада жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды. Ал 102 келіде Артем Антропов араға 9 жыл салып топ жарды. Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 7 алтын, 9 күміс, 8 қола медальға қол жеткізді.

Comments