Ақтау қаласында жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде судьяға агрессия көрсеткені үшін экс-министр Ермек Маржықпаевтың ағасы әрі жаттықтырушы Ерік Маржықпаев екі жылға барлық бокстық жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2024 жылғы 5 желтоқсанда өткен чемпионатта Ақмола облысының спортшысы Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының спортшысы Кенесарыамир Маржықпаев (жаттықтырушының ұлы) кездескен. Төрешілердің шешімімен Ибрагимов 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Жекпе-жек аяқталған соң, Ерік Маржықпаев төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, балағат сөздер айтқан. Қақтығыс физикалық агрессияға ұласып, ол төрешілердің бірін ұрып жіберген.
Экс-министрдің ағасы спорттық этика мен тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жаттықтырушыны 2 жылға бокстан шеттету туралы шешім қабылдады.
"Жаттықтырушы Ерік Маржықпаев спорттық этикаға сәйкес емес әрекеті үшін жазаланып, өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстардан шеттетілді," – делінген федерация хабарламасында.Маржықпаев кейін әріптестерінен кешірім сұрағанымен, бұл оның жазасына әсер етпеген.
Related news
Nurlan Auesbayev, candidate for the presidency of the Republic of Kazakhstan, met with voters in the capital
