2025 жылы Украина Қарулы Күштері 30 мыңнан астам ұзақ қашықтыққа ұшатын DeepStrike дрондарын алады. Бұл туралы бейсенбі күні кешке Facebook-те елдің қорғаныс министрлігінің басшысы Рүстем Умеров жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оның айтуынша, бұл Украинада жасалған жаңа дрондар. Олар ұзақ қашықтықта автономды жұмыс істей алады және нысанаға жоғары дәлдікпен соққы береді.
Р. Умеровтың айтуынша, дрондардың бір бөлігін Украинаға халықаралық серіктестер қаржыландырған, олар елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне инвестиция салған.
Министр сондай-ақ DeepStrike дрондарын әзірлеу Украина үшін соғыс жағдайында да ең жаңа өндірістік технологияларды дамыту қабілетін көрсететінін ерекше атап өтті.
Related news
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
Maulen Ashimbaev: I believe that the people of Kazakhstan will support the initiative to build a nuclear power plant