Қала әкімнің баяндамасына сүйенсек, алдағы үш жылда Алматы бюджеті 2,1 трлн теңгеге жетеді. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бюджет көлемінің артуы экономиканың тұрақты өсуімен байланысты. 2024 жылы Алматы экономикасы 5,5%-ға өседі деп күтілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,4%-ға жетпек. Мұндай өсімнің арқасында қала тұрғындарының өмір сапасы жақсарып, Алматы заманауи мегаполиске айналады.

Бюджеттің 40%-ы әлеуметтік салаға бағытталады. Демек, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, 455,9 млрд


Алматының басты мақсаты – заманауи әрі жайлы қалаға айналу. Мұны жүзеге асыру үшін көлік жүйесін жаңғырту, экологиялық таза қоғамдық көліктерді енгізу және жаңа жолдар салу жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай газбен жүретін 600 автобус пен 100 электр автобусы қала көшелеріне шығады.
Мәслихат отырысында Алматының заманауи мегаполиске айналуы үшін нақты қадамдар жасалды. Қаланың әрбір тұрғыны бұл өзгерістердің оң нәтижесін сезінеді деп күтілуде. Мәслихат депутаттары мен қала басшылығы алдағы үш жылда барлық жоспарланған міндеттерді сапалы орындауға дайын екендіктерін білдірді.