Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақорла мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
“Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді”, – делінген ақпаратта.
Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі, соның ішінде Садыр Жапаровтың биылғы 18-19 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
