Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Үкіметінің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәулен Әшімбаев журналистердің “Үкімет отставкаға кете ме?” деген сауалына жауап берді.
“Қазір елімізде осындай мәселелерді (Үкіметтің отставкасын) көтеруге негіз жоқ деп санаймын. Үкіметтегі әріптестеріміз бүгін Сенаттағы талқылау кезінде инвестицияны тартуға қатысты біраз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу бойынша тиісті қадамдарды жасап отыр. Сондықтан алдағы уақытта біз Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейміз, яғни Парламенттің де жауапкершілігі бар”, - деді Сенат төрағасы Әшімбаев.
Бұл тұрғыда ол еліміздегі инфляцияны тежеу негізгі мақсаттардың бірі екенін де ерекше атап өтті.
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
Atamkulov was appointed as the extraordinary and plenipotentiary ambassador of Kazakhstan to Uzbekistan