Бүгін түнде Алматыда тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
28 қараша түнгі 01:30-да Алматыда тағы жер сілкінісі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қарашада 1 сағат 31 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан. Жер дүмпуі Алматы қаласында 2 балл ғана. Тұрғындар дүмпуді бұл жолы сезбеген.
“Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп қосты департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 23 қарашада Қырғызстанда 5,3 баллдық жер сілкінісі болған еді.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
