Астанада боран соғып, ауа райы күрт нашарлады. Сол себепті мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшетінін ескерткен болатын. Қалада қар жауып, боран соғып жатыр. Қазір қалада ауа температурасы -5 градусты көрсетіп тұр.
"Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 7 қарашада бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшеді", – делінген басқарма хабарламасында.
Related news
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
