Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр

2692
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/oқushy-960x500.jpeg?token=bd74a9185d79b7f2e2d1002bc9b3f168
Астанада боран соғып, ауа райы күрт нашарлады. Сол себепті мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қалалық білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшетінін ескерткен болатын. Қалада қар жауып, боран соғып жатыр. Қазір қалада ауа температурасы -5 градусты көрсетіп тұр. "Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 7 қарашада бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшеді", – делінген басқарма хабарламасында.
评论