Соңғы апта қазақ балуандары әлемді дүрілдетті. Кеше ғана Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Оның алдында ғана алтын қыз Жәмилә Бақбергенова әлемнің күмісін қанжығалады. Екі-үш күн бұрын Ризабек Айтмұқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінің алтынымен апталды. Бұның бәрі тарихи жеңістер.
Себебі, Ризабек үш жас санатында да әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ! Жәмилә төрт жыл қатарынан әлемдік додадан медаль әкеп отыр. Нұрқожанікі айтпаса да түсінікті.
Көк Байрағымызды биікке көтеріп, елдің имиджін халықаралық аренада көтеріп жүрген осы қыз-жігіттер әлі лайықты марапатталмады да. Үшеуіне пәтер бермек түгілі бір көлік
Күрестің маңында жүрген азаматтарға қырғыз ағайындар сәлем айтыпты. Үш балуандарыңа көлік мінгізетін қазақ табылмаса, мінгізетін қырғыз табылады деп. Бұл енді сүйекке таңба, ұлтқа ұят болатын нәрсе.
Жоқтан өзгеге жыртылып шашылатын бай-бағландарымыз ойланатын шығар деп жаздым. Әттең, қолдың келтесі-ай. Үшеуіне үш пәтері мен үш көлігін өзім-ақ бере салатын едім.
Оңғар Қабден
Facebook парақшасынан