"Қызметімен байланысты емес, отбасылық жанжал..." Тағы да әскердегі суицид хабарланды

6013
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/a9d398b0-f7ca-430c-85c6-c692a6703c70-960x500.jpeg?token=ac548676058d3eec6cb1390021ef233f

Бүгін, 14 қазанда Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің өзін-өзі атап өлтіргені айтылды. Бұл туралы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әскери қызметкер қарауыл қызметінде міндеттерін орындаған уақытта бекітілген қаруынан басына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталып жатыр»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Шахтинскіде тағы бір әскери қызметкердің суицид жасаған хабарланғанын жазған едік.

Comments