Ұлттық киім – ұлт бейнесі

395
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo_2024-06-16_14-40-43.jpg
Ұлытау облысында «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көрмесі өтті. Көрме аясында ересектер мен балаларға арналған нео-этно стиліндегі ұлттық киімдерді Алматы, Семей, Павлодар, Шымкент, Қызылорда қалалары мен жергілікті этнодизайнерлері Fashion-шоу арқылы таныстырып өтті. Зергер мамандар мен қол өнер шеберлері өз кəсібінің қыр-сырымен, əшекей бұйымдарды құрастыру, кесте жəне көркемдік іс тігу əдістерімен таныстырып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге, шара барысында әшекейлер мен ұлттық бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Comments