Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Австриямен сырт алаңда ойнады. Линц қаласында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кристоф Баумгартнер (10-минут), Филипп Линхарт (53-ші), Марсель Забитцер (56-шы) және Маттиас Зайдль (79-шы) гол соқты.
Үш турдан кейін Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы әлі гол соға алмаған жалғыз команда болып отыр.
13 қазанда 1 ұпайы бар және соңғы, төртінші орында тұрған қазақстандықтар Словенияны өз алаңында қабылдайды.
Related news
An unexpected event. How did the players of Kazakhstan beat the Irish national team in the Euro-2024 selection?