Алматыда автобус бес жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Алматыда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кішкентай баланы қағып кетті.
Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы Almaty LIVE арнасында пайда болған.
«Жол апаты Алматы қаласының Бостандық ауданында сағат 14:05-те болды. Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан автобус Айманов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан 5 жасар баланы соғып кетті», - деп хабарлады Алматы қаласының ПД.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
