Деревянченко: "Головкин өтірік айтады"

3279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/08/ген.jpg
Украиналық боксшы Головкиннің жекпе-жекке қатысты айтқанын жоққа шығарды
Орта салмақтағы IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченко жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті. Геннадий Головкин украиналық боксшыдан біраз қорқатынын айтқан болатын. Сергей Деревянченко осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. "Мен жекпе-жекке дайынмын. Ертең Калифорнияға барып, жаттығуды бастаймын. Головкин менен қорқатынын айтты. Меніңше, ол өтірік айтады. Ол менен қорықпайды. Мен де одан қорықпаймын. 5 қазан күні рингке шығуға әзірмін. Мен Дэниэл Джейкобспен кездесу кезінде мол тәжірибе жинақтадым", - деді боксшы AB Boxing News-ке берген сұқбатында. Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі арқылы трансляцияланады.
 
Comments