15 қыркүйек түнгі сағат екіде Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Chevrolet Cobalt бар жылдамдығымен ақылы терминалдың бетон қоршауына, содан кейін жақын маңдағы көлікке соғылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, Алматы-Өскемен автожолының 25-ші километрінде болған жол-көлік оқиғасында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.
Алматы облысы ПД-нің мәліметінше, Chevrolet Cobalt жүргізушісі трасса бойымен келе жатып, басқаруды жоғалтып, қарсы жолаққа шығып, бетон қоршауға соғылып, кейін Hyundai Sonata-мен соқтығысқан.
"Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болжам бойынша, Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister