Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«12 қыркүйекте «Yutong Bus автобусының» жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25 шақырымында келе жатып, кері маневр жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылып, көпірден құлап, Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына соғылған», - делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі ес-түссіз болып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Көліктер арнайы тұраққа қойылған.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister