Автобус көпірден көліктің үстіне кұлады

2889
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty-turaly-960x500.jpg?token=463eb050c49e6de1bdaed9fa63e4dc50

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«12 қыркүйекте «Yutong Bus автобусының» жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25 шақырымында келе жатып, кері маневр жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылып, көпірден құлап, Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына соғылған», - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі ес-түссіз болып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Көліктер арнайы тұраққа қойылған.

相关新闻

评论
相关新闻