V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Қазақстан көкпаршылары алтын алды

2653
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-12-at-15.55.29.jpeg
12 қыркүйекте Қазақстанның көкпаршылары финалда Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Осылайша ұлттық құрама V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Бірінші таймда Қырғызстан командасы 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Екінші таймда Қазақстан командасы есепті теңестіріп, ойын 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттың 10 минутында Қазақстандық көкпаршы шешуші салым салды. Нәтижесінде есеп 5:4 болып, ел құрамасы жеңіске жетті. Көкпар турнирінде тоғыз елдің командалары қатысты, ал жалпы спортшылар саны 104 адам болады. Айта кетейік, көкпар ойыны барысында Қазақстан мен Қырғызстан командасы дауласып қалғанын жазған едік.
Comments