Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт істері министрлерінің 8-ші отырысы өтті

2440
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/c166b9f9-42a5-4934-8a2d-ff8363ce2fee.jpeg
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт істері министрлерінің 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Іс-шараға осы салаға жауапты Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев және Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ТМҰ елдері арасындағы жастар саясаты саласында ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті. «Бүгінгі жастар – біздің ұлтымыздың болашағы, бірегей мәдениеттерді, білім мен инновациялық идеяларды тасымалдаушы. Сонымен қатар, жастардың алдында цифрландыру, климаттың өзгеруі, жаһандану және әлеуметтік тұрақсыздық сияқты жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер тұр. Мұндай жағдайда мемлекеттеріміздің бірлескен жұмысы өте маңызды», – деді Кочетов. Сонымен қатар, түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайту мақсатында жыл сайын кезекпен Қазақ-Түрік жастар көпірі өтіп тұрады. Өткен жылы бұл шара түркі әлемінің бесігі Түркістанда өтті. 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының жастары жас көшбасшылар, жас кәсіпкерлер форумдарында, сондай-ақ ТМҰ жастар платформасында кездеседі.
Comments