Шығыс Қазақстандағы шахтада қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі газдан уланып, көз жұмған 4 кеншінің деректерін жариялады. Сондай-ақ жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды. «Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:
- ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1984 ж. т.;
- ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.
- ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
- ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.
Related news
The Ministry of Foreign Affairs told the Kazakhs who disappeared in the zone of the "Golden Triangle".
The President demanded from the Minister of Ecology to solve the problem of regulation of the number of antelope wisely