Өзбекстан президенті Қазақстанның бірнеше шенеуніктерін марапаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Шавкат Мирзиеев Қазақстанның бірнеше азаматын «Дустлик» («Достық») орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Марапатталған азаматтар қатарында:
1) Қарин Ерлан Тынымбайұлы – мемлекеттік кеңесші;
2) Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
3) Жұманғарин Серік Мақашұлы – вице-премьер;
4) Балаева Аида Ғалымқызы – мәдениет және ақпарат министрі;
5) Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі;
6) Хашимжанов Икрам Акрамович – Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестігі ассоциациясының төрағасы.
Аталмыш марапат азаматтардың екі ел арасындағы өзара достық пен татулықты, бейбітшілік пен сенімді нығайтуға үлес қосқаны үшін табысталған.
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov