Алматыда базар аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бүгін, 18 тамызда "Жібек жолы" базарының аумағындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығында өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 250 шаршы метр аумаққа таралған өртті ауыздықтаған. Алайда қызыл жалын салдарынан 3 жеңіл автокөлік өрттеніп кетті.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады. Құтқарушыларың мәліметінше өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
